Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
13-бап. Кеден органдарының жұмыс уақыты



Ст. 13 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Кеден органдарының жұмыс уақытын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді.

2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі кеден органдарының жұмыс уақыты шекарадағы өзге де бақылаушы органдардың жұмыс режимімен, көрсетілген өткізу пункттері орналасқан теңіз және өзен порттарының, әуежайлардың, темір жол станцияларының жұмыс режимімен, сондай-ақ шет мемлекеттің шектес өткізу пункттеріндегі кеден органдары мен өзге де бақылаушы органдардың жұмыс уақытымен үйлестіріледі.

Халықаралық пошта алмасу орындарындағы және көлік-логистика орталықтарындағы кеден органдарының жұмыс уақыты олардың әкімшіліктерімен, сондай-ақ өзге де бақылаушы органдардың жұмыс уақытымен келістіріледі.

Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...477 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 13-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV