Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
131-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері



Ст. 131 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері осы Кодекстің 78, 82, 130, 253, 258, 270, 298, 315, 318, 331, 332, 341, 354, 365, 378, 387, 394, 404, 456 және 472-баптарында белгіленеді. 

2. Осы Кодекстің 306-бабы 1-тармағының 15) және 16) тармақшаларына сәйкес тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады. 

3. Осы Кодекстің 136, 293 және 294-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік баждар, салықтар тауарларды шығарғанға дейін төленеді. 

4. Осы Кодекстің 283-бабына сәйкес белгіленген кедендік декларацияны беру мерзімі бұзылған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі кедендік декларация беруге арналған мерзім біткен күні аяқталады. 

5. Шартты түрде шығарылған тауарлар кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босату беруге негіз болған мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланылған кезде тұлғаның тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді бұзған күні оларды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер шектеулерді бұзған күнді анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларация тіркелген күн кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі. 

6. Тұлға шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік баждар, салықтар салудан босату беруге негіз болған мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалану ниеті туралы өтініш жасаған кезде, аталған өтінішті кеден органында тіркеу күні оларды төлеу мерзімі болып есептеледі. 

Ескерту. 131-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...129 130 131 132 133 ...477

Перейти к статье







Добавить комментарий к 131-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV