Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 132 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
132-бап. Талап қоюдың өту мерзімі

1. Кеден органдарының талаптары бойынша немесе төлеушінің талаптары бойынша: 

1) кеден органы төлеушіге кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың сомасын есепке жазуға немесе төлеуші есептеген соманы қайта қарауға құқылы; 

2) төлеуші кеден органдарынан кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың сомасын есептеуді және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы; 

3) төлеуші кеден органдарының талап етуі бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың сомасын төлеуге міндетті; 

4) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

5) төлеуші Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш беруге құқылы болатын уақыт кезеңі талап қоюдың өту мерзімі болып табылады. 

2. Кеден органдарының және төлеушілердің талаптары бойынша талап қоюдың өту мерзімі бес жыл болады. 

Талап қоюдың өту мерзімі: 

1) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендік декларациялау аяқталған күннен бастап; 

2) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің ақшаны уақытша орналастыру есебіне қамтамасыз ету сомасын енгізу түрінде кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде немесе кеденде тіркелген күннен бастап; 

3) кеден органы тауарларды сыныптау жөнінде, тауарлардың шығарылған елін растау туралы алдын ала шешімдер қабылдаған күннен бастап; 

4) кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдаған күннен бастап есептеледі. 

3. Кеден органы таңдап алынған кедендік рәсімге сәйкес кедендік бақылауда тұрған тауарлар бойынша тауарлардың кедендік бақылауда тұру кезеңі ішінде және тауарлардың кедендік бақылауда тұру кезеңі аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде төленуге тиіс кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың сомаларын есепке жазуға немесе қайта қарауға құқылы. 

4. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар бойынша талап қоюдың өту мерзімі кедендік бақылау жүргізу, оның ішінде тауарлар шығарылғаннан кейінгі кезеңде төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік тексеру нәтижелеріне, сондай-ақ кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезеңінде өтіп кеткен жағдайда, талап қоюдың өту мерзімі кеден органының кедендік бақылау нәтижелері бойынша шығарған шешімі орындалғанға дейін, оның ішінде тауарлар шығарылғаннан, шағым (арыз) қаралғаннан кейін ұзартылады. 

Ескерту. 132-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...130 131 132 133 134 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться