Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 136 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
136-бап. Ұсынылған кедендік бажды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу сомаларын өтеу мерзімдері

1. Кедендік бажды төлеу мерзімдері өзгерген кезде төлеуші: 

1) төлеу мерзімін кейінге қалдыру ұсынылған кезде – кейінге қалдыру мерзімі аяқталған күннен кешіктірмей; 

2) бөліп-бөліп төлеу ұсынылған кезде - кедендік әкелу бажын төлеу бойынша бөліп-бөліп төлеуді өтеу кестесіне сәйкес кедендік бажды төлеу мерзімінен кешіктірмей кедендік баждар сомасын өтеуді жүргізеді. 

2. Төлеуші төлеу мерзімі өзгертілген кедендік баждың сомасын уақтылы өтемеген немесе өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалануға арналып әкелінген тауарды көрсетілген төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеудің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өткізген жағдайларда, кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі не кеден осы Кодекстің 18-тарауында көзделген тәртіппен кедендік баждың барлық сомасын өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдайды.
Статья 1 ...134 135 136 137 138 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 136-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV