Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР кеден iсi туралы
137-бап. Кедендік бажды төлеудің мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімнің қолданысын тоқтату

Ст. 137 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
Кедендік бажды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімнің қолданылуы мынадай мерзімдерде: 

1) кеден органы кедендік бажды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімде белгілеген төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу мерзімі аяқталғанда; 

2) төлеуші кедендік бажды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімде көрсетілген кедендік баждың барлық сомасын мерзімінен бұрын өтеген кезде; 

3) төлеуші төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеудің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырмастан өнеркәсіптік өңдеуде пайдалану үшін әкелінген тауарларды өткізген кезде тоқтатылады.
Статья 1 ...135 136 137 138 139 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 137-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV