Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 141 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
141-бап. Кедендік баждарды, салықтарды және кедендік алымдар мен өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын есепке алу

1. Кедендік баждарды, салықтарды және кедендік алымдар мен өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын есепке алуды кеден органы төлеушінің жеке шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады. 

2. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген, есепке жазылған (кемітілген), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерілген) сомасын есепке алуға арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат төлеушінің жеке шоты болып табылады. 

3. Кеден органының төлеушінің жеке шотын жүргізуі: 

жеке шотты ашуды; 

жеке шотта бұдан әрі кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген, есепке жазылған, кемітілген, аударылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын көрсетуді; 

жеке шотты жабуды қамтиды. 

4. Мыналар: 

төлеуші кедендік декларацияда, кедендік декларацияның түзетуінде; 

кеден органы осы Кодекстің 290, 399 және 405-баптарына сәйкес жүргізген кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомасын ұлғайтуды немесе кемітуді қамтитын сома кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың есептелген (кемітілген) сомасы болып табылады. 

5. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомасын ұлғайтуды немесе кемітуді қоса алғанда: 

кедендік бақылау нәтижелері бойынша; 

кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның тексеру нәтижелері туралы хабарламасына және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына төлеушінің шағымын (арызын) жоғары тұрған кеден органының не соттың қарау қорытындылары бойынша; 

бақылаушы органдардың тексеру нәтижелері бойынша; 

алдын ала шешім қабылдау кезінде; 

тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру туралы шешім қабылдау кезінде кеден органы алған сома кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген сомасы болып табылады. 

6. Төлеушінің жеке шоты кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың түрлері бойынша жүргізіледі. 

7. Төлеушінің жеке шоты бюджеттік сыныптама кодына сәйкес жүргізіледі. 

8. Төлеушінің жазбаша өтініші бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша кеден органымен салыстыру кеден органы аталған өтінішті тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 

Салыстыру аяқталғаннан кейін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, екі данада акт жасалады. Салыстыру актісінің бір данасы төлеушіге тапсырылады, екінші данасы кеден органында қалады. 

Ескерту. 141-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.11.2016 № 26-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
142-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі  

1. Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді алу үшін "электрондық үкімет" веб-порталы; кеден органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы; "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне немесе кеденге сұрау салу беруге құқылы. 

2. Кеден органы аталған берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 598-бабында айқындалған тәртіппен ұсынады. 

Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы мәліметтер өтінішті беру күніне кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша тоқтатылмаған міндеттемелер көрсетіле отырып ұсынылады. 

Ескерту. 142-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

16-тарау. КЕДЕНДІК БАЖДАРДЫҢ, САЛЫҚТАРДЫҢ ТӨЛЕНУІН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Статья 1 ...139 140 141 142 143 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться