Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 145 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
145-бап. Қамтамасыз ету сомаларын кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізу

1. Ақшаны уақытша орналастыру шотын бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне және кедендерге ашады. 

2. Кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шоты төлеушінің кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомаларын енгізуге арналған. Қамтамасыз ету сомаларын ақшаны уақытша орналастыру шотына салу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі. 

3. Төлеуші ақшамен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде кеден органы аталған міндеттемені орындамау фактісі анықталғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң ақшаны уақытша орналастыру шотынан бюджетке кедендік баждар мен салықтардың төленуге жататын сомаларын аударады.
Статья 1 ...143 144 145 146 147 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 145-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV