Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
150-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету



Ст. 150 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Егер Қазақстан Республикасының аумағында бір тұлға белгілі бір мерзімде бірнеше кеден операциясын жасаса, кеден органына осындай барлық операцияны жасау үшін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету берілуі мүмкін. 

Егер кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бұзылған жағдайда, бірнеше кеден органының кез келгені кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді пайдалануы мүмкін болса, кеден органдары Қазақстан Республикасының аумағында бірнеше кеден органында кеден операцияларын жасау үшін осы кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қабылдайды. 

2. Төлеушінің жазбаша өтініші бойынша кеден органдары осы Кодекстің 144-бабында белгіленген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілдерінің біріне сәйкес келетін кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қабылдайды. 

Төлеушілер кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді осы Кодекстің 143-бабында белгіленген жағдайларда туындайтын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жөніндегі бір немесе бірнеше міндеттеме бойынша береді. 

Аталған кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді кеден органдары төлем төлеушінің өтінішінде айқындалған мерзімге қабылдайды. Бұл ретте кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі төлеушінің өтінішінде көрсетілген кезең ішінде туындайтын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жөніндегі төлеушінің міндеттемелерін орындау мерзімінен артық болуға тиіс. 

3. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің қолданылу тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 150-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


Статья 1 ...148 149 150 151 152 ...477

Перейти к статье







Добавить комментарий к 150-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV