Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 154 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
154-бап. Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу)

1. Артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған кедендік әкету баждарының, салықтардың және кедендік алымдардың сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің сомаларын қайтару (есепке жатқызу) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады. 

Кедендік әкелу баждарының артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады. 

2. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

4. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

5. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

6. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды салық органы олардың төленген жері бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізеді. 

Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды салық органы төлеушінің салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды жүргізуге және (немесе) қайтаруға берген салықтық өтініші (бұдан әрі осы бап мақсатында – салықтық өтініш) негізінде жүргізеді. 

Салық органы бюджетке артық төленген кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар сомасын есепке жатқызуды Салық кодексінің 599-бабында белгіленген төлеушінің салық өтініші бойынша есепке жатқызуды жүргізуге арналған тәртіппен және мерзімде жүргізеді. 

Бюджетке қате төленген кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар сомасын есепке жатқызуды немесе қайтаруды салық органы Салық кодексінің 601-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізеді. 

Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасын қайтаруды салық органы Салық кодексінің 602-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде, осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін жүргізеді. 

7. Салық органы кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызу не қайтару туралы шешім шығарған жағдайда салық органы кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызуға не қайтаруға арналған төлем тапсырмасын ресімдейді және оны бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді. 

8. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 154-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...152 153 154 155 156 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться