Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 157 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
157-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алудың жалпы ережелері

Ескерту. 157-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 

1. Кедендік төлемдер мен салықтар белгіленген мерзімдерде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайларда кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек қалыптасады. Кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті осы тарауда айқындалған тәртіппен төлеушілерден өндіріп алады. 

2. Кедендік төлемдер мен салықтар белгіленген мерзімде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтарды төлеушінің ақшасы және (немесе) басқа да мүлкі есебінен, оның ішінде артық төленген кедендік төлемдер мен салықтар және (немесе) аванс төлемдерінің сомасы есебінен, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, кедендік баждар, салықтар есебінен мәжбүрлеп өндіріп алады. 

2-1. Ортақ міндет болған кезде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу шараларын қолдану кезінде кеден органдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген ортақ міндет болған кездегі кредитор құқықтарын пайдаланады. 

Кеден органдары Кеден одағының кеден заңнамасына және осы Кодекске сәйкес кедендік баждар мен салықтарды, өсімпұлдарды төлеу жөніндегі ортақ міндеті туындаған тұлғаларға қатысты осы баптың 3-тармағында көзделген тәртіппен берешекті өндіріп алу шараларын қолданады. 

3. Кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектерді өндіріп алу үшін: 

1) осы Кодекстің 159-бабында көзделген тәртіппен төлеушіге хабарлау; 

2) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына өсімпұл есептеу;  

3) осы Кодекстің 161-бабында көзделген тәртіппен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомалары есебінен не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету есебінен өндіріп алу; 

4) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеуді қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерін қолдану: 

төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;  

касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;  

төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығару; 

5) мынадай тәртіппен: 

төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен; 

төлеуші дебиторларының шоттарынан; 

төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану әрекеттерін жүзеге асырады. 

3-1. Осы Кодекстің 159-бабының 1-тармағында, 163-бабының 1-тармағында, 164-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген, кеден органы пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жолдаған құжаттарды пошта немесе өзге де байланыс ұйымы төлеушінің орналасқан жерінде болмауына байланысты қайтарған жағдайда, төлеушінің орналасқан жері бойынша кеден органы пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде зерттеу жүргізіп, оның нәтижесі бойынша зерттеп-қарау актісін жасайды.  

3-2. Зерттеп-қарау актісінде: 

актіні жасау орны, күні және уақыты; 

актіні жасаған кеден органы лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса); 

кеден органының атауы; 

тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және нөмірі, тұратын жерінің мекенжайы; 

төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;  

зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі. 

Зерттеп-қарау актісі куәгерлердің қатысуымен ресімделеді. 

Куәгерлер ретінде кеден органының лауазымды адамының және төлеушінің әрекетінің нәтижесіне мүдделі емес, кез келген кәмелетке толған, әрекетке қабілетті кемінде екі адам шақырылуы мүмкін. 

Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының және төлеушінің жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының куәгер ретінде қатысуына жол берілмейді. 

3-3. Егер зерттеп-қарау актісімен төлеушінің тұратын жері бойынша іс жүзінде жоқ екені анықталған жағдайда, осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген құжаттар берілген күн акт жасалған күн болып табылады. 

4. Осы Кодекстің 164-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығаруды қоспағанда, осы баптың 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген әрекеттер дәйекті түрде қолданылады. 

5. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, дара кәсіпкерден және заңды тұлғадан, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізіледі. Жеке тұлғадан кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі. 

6. Кедендік төлемдер мен салықтарды өндіріп алу: 

1) осы Кодексте көзделген төленбеген кедендік төлемдерді, салықтарды өндіріп алудың талап қою мерзімі өткен соң; 

2) егер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатылса, жүргізілмейді. 

7. Кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды, осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тауарлар шығаруды жүргізген кеден органы, ал Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарларға қатысты - кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу фактілерін анықтаған кеден органы өндіріп алады. 

8. Осы Кодекстің 331-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімдерде төленбеген кедендік баждарды, салықтарды Кеден одағына мүше мемлекеттің кедендік баждардың, салықтардың қамтамасыз етілуі берілген кеден органы осындай қамтамасыз ету есебінен өндіріп алады. 

Осы Кодекстің 331-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде төленбеген кедендік тасымалдаушы төлеуге тиіс кедендік баждарды, салықтарды Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тұлға кедендік тасымалдаушы ретінде танылған кеден органы өндіріп алады. 

9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес өндіріп алынған кедендік баждарды, салықтарды кедендік баждар, салықтар төленуге тиіс Кеден одағына мүше мемлекетке аудару тәртібі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады. 

Ескерту. 157-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

Статья 1 ...155 156 157 158 159 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться