Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 161 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
161-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленуі есебінен не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету есебінен өндіріп алу

1. Кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаны төлеушіге табыс еткен күннен кейінгі бес жұмыс күні өткеннен кейін көрсетілген берешекті кедендік төлемдер немесе салықтар түрлері бойынша кедендік төлемдердің және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары есебінен не төлеушінің кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету есебінен өндіріп алады. 

Бұл ретте кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды кедендік төлемдер және (немесе) салықтың өзге түрі бойынша кедендік төлемдердің және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары есебінен кеден органы осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес есепке жатқызу жолымен өндіріп алады. 

2. Осы бапқа сәйкес кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың өндіріп алынған сомасы туралы оларды өндіріп алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде төлеушіге жазбаша хабарлайды. 

Ескерту. 161-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...159 160 161 162 163 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 161-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV