Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 162 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
162-бап. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

1. Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтемеген жағдайда кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама берілген күннен кейінгі он жұмыс күні өткеннен кейін төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы кеден органының өкімін шығарады. 

2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мыналардан: 

1) төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды дербес өтеуі жөніндегі операциялардан; 

2) ақшаны: 

адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша; 

РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақшаның үшінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, клиенттің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару жөніндегі міндеттемелері және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша; 

кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қою жағдайларынан басқа, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасы шегінде төлеушінің барлық шығыс операцияларына қолданылады. 

Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тыйым салу туралы шешімдерінің негізінде тыйым салынған ақша сомасына қолданылмайды. 

3. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілеген нысан бойынша шығарылады және оны банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым алған күннен бастап күшіне енеді. 

Кеден органы мұндай өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы кеден органының өкімі электрондық нысанда жіберілген кезде, мұндай өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген форматта қалыптастырылады. 

4. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бұлжытпай орындауға тиіс. 

5. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себебі жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай өкімді шығарған кеден органы жояды. 

Ескерту. 162-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...160 161 162 163 164 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться