Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 164 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
164-бап. Төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу

Ескерту. 164-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 

1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімнің негізінде төлеушінің мүлкіне билік етуіне шектеу мынадай: 

1) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаны алған күннен кейінгі он бес жұмыс күнi өткен соң – кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектер, өсімпұлдар өтелмеген; 

2) тексеру нәтижелері бойынша төлеушіге кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша сомалар есепке жазылған жағдайларда қойылады. 

Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда кеден органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаны төлеушіге табыс еткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей шектеу қояды. 

2. Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешімді кеден органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша, кедендік төлемдер мен салық бойынша берешек, өсімпұлдар сомасына шығарады. 

3. Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы, сондай-ақ аталған төлеушінің теңгерімінде тұрған мүлікке қатысты шығарылады. 

Қаржы лизингі мен кепілді қоса алғанда, төлеушінің жалға берілген мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығарылған кезде осы мүлікке қатысты кеден органы шешім шығарған кезден бастап және ол жойылғанға дейін жалға алушы мен кепілді ұстаушыға мұндай мүлікке меншік құқығын беруге тыйым салынады. 

4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешім төлеушіге тапсырылған күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін кеден органы төлеушіге мүлікке иелік ету, пайдалану және билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескерте отырып, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша мүлік тізімдемесінің актісін жасау арқылы төлеушінің қатысуымен, билік етуі шектелген мүлікке тізімдеме жүргізеді. 

Билік етуі шектелген мүліктің тізімдемесі төлеушінің бухгалтерлік құжаттамасының деректері немесе Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін тәуелсіз бағалау негізінде айқындалатын оның бағасы көрсетіле отырып жүргізіледі және екі дана етіп жасалған актімен ресімделеді. 

5. Кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің бір данасын төлеушіге қол қойғызып немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жібереді. 

6. Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) мүлік тізімдемесінің актісін пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда осы Кодекстің 157-бабы 3-2-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеу актісін жасаған күн осындай шешімді және (немесе) актіні тапсырған күн болып табылады. 

7. Егер мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім оған құқықтар немесе ол бойынша мәмілелер мемлекеттік тіркелуге тиісті мүлікке не мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке қатысты қабылданса, кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді төлеушіге табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай шешімнің көшірмесін мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тіркеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді. 

8. Кеден органы мынадай: 

1) төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек, өсімпұлдар сомаларын өтеген жағдайда – осындай берешекті, өсімпұлды өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;  

2) төлеушінің шағымын қараған кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шешім шығарған немесе шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоятын сот актісі заңды күшіне енген жағдайда – осындай шешім шығарылған немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм мен осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісінің күшін жояды. 

Ескерту. 164-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...162 163 164 165 166 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться