Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
170-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұл бойынша берешегі бар төлеушілердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау



Ст. 170 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұл бойынша берешек туындаған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген берешегі бар төлеушілердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. 

Бұл ретте тізімде төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не атауы, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі, төлеуші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегінің, өсімпұлдардың жалпы сомасы көрсетіледі. 

2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған төлеушілер тізімі есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірілмей тоқсан сайын жаңартылады. 

Ескерту. 170-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...168 169 170 171 172 ...477

Перейти к статье







Добавить комментарий к 170-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV