Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
174-бап. Хабарламаға жасалған шағымды қарайтын органдар



Ст. 174 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV




Ескерту. 174-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес хабарламаға шағымды қарауды жоғары тұрған кеден органы жүргізеді.

Жоғары тұрған кеден органының хабарламасына шағымды қарауды тікелей жоғары тұрған кеден органы жүргізеді.

2. Осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды сақтағаннан кейін хабарламаға сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

Ескерту. 174-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...172 173 174 175 176 ...477

Перейти к статье







Добавить комментарий к 174-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV