Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 179 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
179-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару

1. Шағымды мәнi бойынша қарау аяқталғаннан кейін жоғары тұрған кеден органы жазбаша нысанда шешiм шығарады және оны шағымды берген тұлғаға жiбередi немесе тапсырады, ал көшірмесін хабарламаны шығарған кеден органына жібереді.

2. Шағымды қарау қорытындылары бойынша жоғары тұрған кеден органы мына шешiмдердiң бiрiн шығарады:

шағым жасалған хабарлама өзгерiссiз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;

шағым жасалған хабарламаның толықтай немесе оның бір бөлігінің күші жойылсын.

3. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда хабарлама шығарған кеден органы хабарламаға шағымды қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, шағымды берген тұлғаға жібереді. Хабарламаға шағымды қарау нәтижелері туралы хабарламаның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған жоғары тұрған кеден органының шешімі кеден органдарының орындауы үшін міндетті.

Ескерту. 179-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...177 178 179 180 181 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 179-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV