Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
180-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе)ұзарту



Ст. 180 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV




1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:

1) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ мұндай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға сауалдар жіберілген жағдайда – жауаптарды алған күнге дейін;

2) шағымды қарау барысында тағайындалған, жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру жүргізу – тексеру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

2. Жоғары тұрған кеден органы шағымды қарау мерзiмiн тоқтата тұру туралы көрсетілген мерзімді тоқтата тұру себептерiн көрсете отырып, шағымды берген тұлғаға жазбаша нысанда хабарлайды.

3. Осы Кодекстің 178-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзiмi осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында аталған адам шағымға қосымшаларды ұсынған жағдайда он бес жұмыс күніне ұзартылады.

Ескерту. 180-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (02.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...178 179 180 181 182 ...477

Перейти к статье







Добавить комментарий к 180-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV