Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 186 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
186-бап. Кедендік бақылау аймақтары

1. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде көлік-логистика орталықтарында, сондай-ақ кедендік декларациялау және өзге де кедендік операциялар жүргізу орындарында кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсаттары үшін кеден органдары кедендік бақылау аймақтарын құрады. Уақытша сақтау орындары мен қоймаларының, кедендік және еркін қоймалардың, арнайы экономикалық аймақтардың, бажсыз сауда дүкендерінің аумақтары да кедендік бақылау аймақтары болып табылады. 

2. Кедендік бақылау аймақтары кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі немесе кеден басшысының (оны алмастыратын адамның) өткізу пункттерінің, көлік-логистика орталықтарының аумақтарында, кедендік декларациялау және осы Кодексте көзделген, өзге де кедендік операциялар жүргізу орындарында кедендік бақылау аймақтарын құру туралы бұйрығының негізінде құрылады. 

3. Кедендік бақылау аймақтарының шекаралары шартты сызықпен шектеледі және: 

1) кедендік рәсімдер өткізу орындарында – өлшемдері: биіктігі – 50 сантиметр, ені – 100 сантиметр болатын белгілермен белгіленеді. Белгінің көк түсті тақтасына биіктігі 10 сантиметр және ені 3,7 сантиметр ақ түсті әріптермен, үш жолға, үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) "Кедендік бақылау аймағы" деген жазу жазылады; 

2) суда жарық шағылыстырғыш бояудың көмегімен орындалған "Кедендік бақылау аймағы" деген жазуы бар қызыл түсті қалтқылармен белгіленеді. 

4. Кедендік бақылау аймақтарына жіберу: 

1) кедендік бақылау аймақтарында қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тиісті бақылаушы органдарының лауазымды адамдары үшін, қызметтік куәлікті ұсынған кезде, тұрақты рұқсат қағазы; 

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау және арнайы органдардың лауазымды адамдары үшін қаулы; 

3) лауазымдық міндеттерін орындау тікелей кедендік бақылау аймағында болумен байланысты ұйымдардың лауазымды адамдары үшін рұқсат қағазы негізінде жүзеге асырылады. 

Тұрақты рұқсат қағаздары тиісті бақылаушы органдардың, ұйымдардың немесе кәсіпорындардың жазбаша өтініші негізінде күнтізбелік бір жыл мерзімге беріледі және оған кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің не кеденнің басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды. Рұқсат қағаздарын арнайы журналда тіркеуді аталған рұқсат қағазын берген кеден органы жүргізеді. 

4) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың лауазымды адамдары кедендік бақылау аймағында қысқа уақыт болуымен тікелей байланысты өздеріне жүктелген функцияларды орындау мақсатында оларға берілетін уақытша рұқсат қағазы негізінде жүзеге асырылады. 

Уақытша рұқсат беру қағаздары адамның кедендік бақылау аймағында уақытша болу мерзіміне, оның жазбаша өтініші негізінде беріледі. 

5. Рұқсат қағаздарын ресімдемей, кедендік бақылау аймағына жіберу: 

1) қызметтік куәлікті ұсынған кезде - кедендік бақылау аймағында өздеріне жүктелген функцияларды өз жұмыс уақыты кезеңінде орындайтын кеден органдарының лауазымды адамдарына; 

2) кедендік бақылау аймағындағы тауарлар мен көлік құралдарына өкілдік ететін адамдарға, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасынан кесіп өтетін жеке тұлғаларға қатысты жүзеге асырылады. 

Кеден органының лауазымды адамдарының өз жұмыс уақытынан тыс кезде кеден органы басшысының рұқсатынсыз кедендік бақылау аймағында болуына жол берілмейді. 

6. Кедендік бақылау аймағының шекарасы арқылы және оның шегінде тауарлар мен көлік құралдарының өтуіне кеден органының рұқсатымен жол беріледі. 

7. Өндірістік және өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, аталған қызмет уақытша сақтау орнының немесе қоймасының, еркін қойманың, кеден қоймасының және бажсыз сауда дүкенінің мақсатына сәйкес келген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ режимдік объектілердің кедендік бақылау аймақтарында болуына жол берілмейді. 

Ескерту. 186-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...184 185 186 187 188 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться