Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 195 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
195-бап. Кеден органдарының кедендік бақылау жүргізу кезінде тұлғалар туралы ақпарат жинауы

1. Кедендік бақылау жүргізу мақсатында кеден органдары Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізуге байланысты сыртқы экономикалық қызметті не кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы мыналарды: 

1) заңды тұлғаның құрылтайшылары туралы; 

2) дара кәсіпкердің не заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы; 

3) кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын мүліктің құрамы туралы; 

4) ашылған банк шоттары туралы; 

5) сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қызмет туралы; 

6) ұйымның орналасқан жері туралы; 

7) салық төлеушінің салық органында салық төлеуші ретінде есепке тұруы және сәйкестендіру нөмірі туралы; 

8) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тізіліміне енгізілген тұлғалардың төлем қабілеттілігі туралы; 

9) жеке тұлғаларға қатысты – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), туған күні және орны, жынысы, тұрғылықты мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттардан алынған деректер, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса), сондай-ақ олардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізу жиілігі туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат жинауды жүзеге асыруға құқылы. 

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар кеден органдарында бар өзі туралы құжаттамалық ақпаратпен танысуға және оның толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында осы ақпаратты нақтылауға құқығы бар. 

3. Кеден органдары тұлғалар туралы ақпарат жинауды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарынан көрсетілген ақпаратты алу арқылы жүзеге асырады. 

Ескерту. 195-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Статья 1 ...193 194 195 196 197 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться