Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 200 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
200-бап. Құжаттар мен мәліметтерді тексеру

1. Кеден органдары мәліметтердің дұрыстығын, құжаттардың түпнұсқа екенін және (немесе) олардың толтырылуының және (немесе) ресімделуінің дұрыстығын анықтау мақсатында кедендік операциялар жасау кезінде табыс етілген құжаттар мен мәліметтерді тексереді. 

2. Кеден органдарына кедендік операциялар жасау кезінде табыс етілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру оларды басқа дереккөздерден алынған ақпаратпен салыстыру, кедендік статистиканың мәліметтерін талдау, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып мәліметтерді өңдеу арқылы, сондай-ақ Кеден одағының кеден заңнамасында тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады. 

3. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органы кедендік құжаттарда қамтылған ақпаратты тексеру мақсатында жазбаша нысанда қосымша құжаттар мен мәліметтерді дәлелді түрде сұратуға құқылы 

4. Егер осы Кодексте тікелей өзгеше көзделмесе, осы баптың 3-тармағына сәйкес қосымша құжаттар мен мәліметтерді сұрату және оларды тексеру тауарларды шығаруға кедергі келтірмеуге тиіс.
Статья 1 ...198 199 200 201 202 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 200-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV