Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР кеден iсi туралы
21-бап. Кеден органдарының сыртқы экономикалық қатысушылармен және басқа да тұлғалармен өзара іс-қимылы



Ст. 21 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV




1. Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді жетілдіру және кедендік әкімшілік жасаудың тиімді әдістерін енгізу мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалар, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар кеден ісі мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестердің жұмысына қатысады.

2. Кеден ісін жетілдіру мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестер кеден ісі саласындағы уәкілетті органның, кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің және кедендердің жанынан құрылады.

Кедендік реттеуді жетілдіру мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестер туралы үлгі ережені кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Кеден ісін жетілдіру мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің мүшелері осы Кодекстің 32-бабы 3-тармағында айқындалған біліктілік емтихандарын кеден органдары өткізген кезде қатысуға құқылы.


Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...477 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV