Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 212 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
212-бап. Өзара әкімшілік көмек

1. Осы тараудың мақсаттары үшін өзара әкімшілік көмек деп Кеден одағының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және Кеден одағының кеден заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, оларды тергеу мақсатында кеден органының Кеден одағына мүше басқа мемлекет кеден органының тапсырмасы бойынша немесе онымен бірлесіп жасаған әрекеттері түсініледі. 

2. Өзара әкімшілік көмек: 

1) кеден органдарының кеден органына мүше мемлекеттер кеден органдарымен ақпарат алмасуын; 

2) кеден органдары қабылдаған шешімдерді өзара тануды; 

3) Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірінің кеден органының Кеден одағынамүше басқа мемлекеттің кеден органының тапсырмасы бойынша осы Кодексте белгіленген кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын жүргізуін қамтиды. 

Өзара әкімшілік көмек Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден органдарының өзара іс-қимыл жасауының өзге де түрлерін қамтуы мүмкін.
Статья 1 ...210 211 212 213 214 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 212-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV