Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 216 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
216-бап. Тәуекелдерді басқару жүйесінің жалпы ұғымдары және қолданылу мақсаттары

1. Кеден органдары тауарларды, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, кедендік бақылауға жататын құжаттар мен тұлғаларды, осындай тауарларға, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына, құжаттар мен тұлғаларға қолданылатын кедендік бақылау нысандарын және кедендік бақылау жүргізу дәрежесін айқындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолданады. 

Қазақстан Республикасының кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

2. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану мақсаттары: 

1) кеден органдарының құзыреті шегінде ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздікті, адам өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету; 

2) назарды жоғары тәуекел салаларына шоғырландыру және иелікте бар ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету; 

3) Кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтау, болжау және оларды болғызбау; 

4) декларанттарға және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтайтын тұлғаларға тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау; 

5) тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік операциялар жүргізуді жеделдету болып табылады. 

3. Кеден органдары тәуекелдерді азайту бойынша қолданылатын шаралар туралы ақпаратпен, сондай-ақ кедендік бақылау жүргізудің тиімділігін арттыруға ықпал ететін өзге де ақпаратпен өзара алмасуды Қазақстан Республикасының халықаралық шартында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. 

4. Комиссия тәуекелдерге қатысты кеден органдары міндетті түрде оларды азайту бойынша шаралар әзірлейтін және қолданатын тәуекелдердің саласын айқындай алады. 

Ескерту. 216-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...214 215 216 217 218 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться