Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 217 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
217-бап. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы тараудың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) анықталған тәуекел – кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық жасалған және кеден органдарында мұндай құқық бұзушылық туралы ақпарат бар белгілі тәуекел; 

2) жасырын тауарлар – тәуекел тауарларының орнына декларациялануы мүмкіндігі жеткілікті дәрежедегі тауарлар; 

3) кездейсоқ іріктеу әдісі – белгісіз тәуекелді анықтау мақсатында кедендік бақылау объектілерін белгіленген кезеңділікпен еркін іріктеу; 

4) тәуекел – Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтамау ықтималдығының дәрежесі; 

5) тәуекел бейіні – тәуекел саласы, тәуекел индикаторлары туралы мәліметтердің жиынтығы, сондай-ақ тәуекелдердің алдын алу немесе оларды азайту жөнінде қажетті шаралар қолдану туралы нұсқаулар. 

Қолданылу өңіріне қарай тәуекел бейіндері екі түрлі болуы мүмкін: республикалық (қолданылу өңірі – Қазақстан Республикасының аумағы), өңірлік (қолданылу өңірі – кеден ісі саласындағы уәкілетті органның бір немесе бірнеше аумақтық бөлімшесінің қызмет аймағы); 

6) тәуекел деңгейі – тәуекелдің туындау мүмкіндігінің және мүмкін болатын тәуекел салдарларының дәрежесі; 

7) тәуекелдердің индикаторлары – бақылау объектісін таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, кеден органдары алдын ала белгілеген өлшемдері бар тәуекел көрсеткіштері; 

8) тәуекелді бағалау – тәуекел деңгейін бағалау және кеден органдары алдын ала анықтаған көрсеткіштермен салыстыру арқылы тәуекелді басқару басымдықтарын жүйелі анықтау; 

9) тәуекелді басқару – тәуекелдердің алдын алу және оларды азайту бойынша шараларды әзірлеу және практикалық іске асыру, оларды іске асыру тиімділігін бағалау, сондай-ақ кедендік рәсімдердің жүргізілуін бақылау бойынша, кеден органдарында бар ақпаратты үздіксіз жаңартуды, талдауды және түзетуді көздейтін жүйелі жұмыс; 

10) тәуекелді талдау – тәуекелдің туындау жиілігін және тәуекел туындаған кезде мүмкін болатын салдарлардың көлемін анықтау үшін қолда бар ақпаратты жүйелі пайдалану. Тәуекелдер анықталған және ықтимал болып екі түрге бөлінеді; 

11) тәуекел саласы – кеден органдары топтастырған тәуекелді талдау объектілері, оларға қатысты кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын қолдану немесе оларды жинақтап қолдану талап етіледі; 

12) тәуекел тауарлары – Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, оларға қатысты тәуекелдер анықталған немесе ықтимал тәуекелдер бар тауарлар; 

13) ықтимал тәуекел – анықталмаған, бірақ оның туындауы үшін жағдайлар бар тәуекел.
Статья 1 ...215 216 217 218 219 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться