Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 220-1 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
220-1-бап. Камералдық кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу

1. Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша камералдық кедендік тексеруді аяқтау нысаны болып табылатын камералдық кедендік тексеру актісі жасалады. Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы хабарлама шығарылады. 

Камералдық кедендік тексеру актісінің және бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысандарын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 

2. Камералдық кедендік тексеруді аяқтау күні камералдық кедендік тексеру актісінің екі данада ресімделген және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қолы қойылған күн деп есептеледі.  

Камералдық кедендік тексеру актісінің бірінші данасы камералдық кедендік тексеру материалдарына қоса тігіледі, актінің екінші данасы кедендік тексеруді аяқтау күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей тексерілген тұлғаға тапсырылады немесе алғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен жіберіледі. 

3. Камералдық кедендік тексеру актісіне құжаттардың көшірмелері, кеден органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және кедендік тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі. 

4. Камералдық кедендік тексеру актісі арнайы камералдық кедендік тексеру актілерін тіркеу журналында тіркеледі, ол нөмірленуге, тігілуге және кеден органының мөрімен бекемделуге тиіс.  

5. Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексеру актісімен бір мезгілде жіберіледі және (немесе) табыс етіледі.  

6. Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға қолын қойғыза отырып, жеке өзіне немесе тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі арқылы табыс етілуге тиіс. Тексерілетін тұлғаға тапсырысты пошта жөнелтілімі арқылы жіберілген бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға пошта байланысы немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында белгі қойған күннен бастап табыс етілді деп саналады. 

7. Осы бапта көрсетілген құжаттарды тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмауы себебінен пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осындай құжатты қайтарған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кеден органы осындай тұлғаның орналасқан жері бойынша куәгерлерді (екі адамнан кем емес) тарта отырып, зерттеп-қарауды жүргізеді. 

Зерттеп-қарау актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі: 

актінің жасалған орны, күні мен уақыты; 

актіні жасаған кеден органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса); 

кеден органының атауы; 

тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы; 

тексерілетін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі; 

зерттеп-қараудың нәтижелері туралы ақпарат. 

Куәгерлер ретінде кеден органдарының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлғаның әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны екі адамнан кем емес, кез келген кәмелетке толған, әрекетке қабілетті азаматтар шақырылуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлғаның жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді. 

Зерттеп-қарау нәтижесінде тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша нақты болмауы анықталған жағдайда, осы бапта көрсетілген құжаттарды табыс ету күні зерттеп-қарау актісін жасаған күн болып табылады. 

8. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органынан бөлек кеден органы шығарған кеден декларацияларына қатысты камералдық кедендік тексеру жүргізілген кезде, камералдық кедендік тексеру актісі мен бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның көшірмелері бұзушылықтарды жою туралы хабарлама шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, тауарларды шығару жүргізілген кеден органына жіберілуге тиіс. 

Ескерту. 24-тарау 220-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...219 220 220‑1 221 221‑1 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 220-1-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV