Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 221 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
221-бап. Көшпелі кедендік тексеру

1. Көшпелі кедендік тексеруді кеден органы заңды тұлғаның тұрған жеріне, жеке кәсіпкердің қызметті жүзеге асыратын жеріне және (немесе) олардың қызметі іс жүзінде жүзеге асырылатын жерге (бұдан әрі – тексерілетін тұлғаның объектілері) бару арқылы жүргізеді. 

2. Көшпелі кедендік тексеру жоспарлы немесе жоспардан тыс болуы мүмкін. 

Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру кеден органдары әзірлейтін жоспарлы тексерулер негізінде жүзеге асырылады. 

3. Көшпелі кедендік тексеру ұйғарымның негізінде жүргізіледі. 

4. Ұйғарымға кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) қол қоюға тиіс. Ұйғарымның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

5. Ұйғарым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен прокуратура органдарында тіркеледі. 

6. Кеден органының ұйғарымында мынадай мәліметтер көрсетіледі: 

1) ұйғарымды кеден органында тіркеу күні және ұйғарымның нөмірі; 

2) ұйғарымды шығарған кеден органының атауы; 

3) тексерілетін тұлғаның толық атауы; 

4) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі; 

5) белгіленген тексерудің мәні; 

6) кеден органының тексеретін тұлғаларының және кедендік тексеруге тартылған өзге де бақылаушы мемлекеттік органдардың тексеретін адамдарының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); 

7) тексеруді жүргізу мерзімі; 

8) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер; 

9) тексерілетін кезең. 

7. Бір ұйғарымның негізінде тексерілетін тұлғаға бір ғана тексеру жүргізіледі. 

8. Көшпелі кедендік тексерудің мерзімі ұзартылған, сондай-ақ ол тоқтатыла тұрған жағдайда, ұйғарымға тиісті жазбалар енгізіледі және тексерілетін тұлға хабардар етіледі. 

Бұл ретте көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзімі ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін тұлғалар саны өзгертiлген және (немесе) ауыстырылған және (немесе) тексерілетін кезең өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресімделіп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күні, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (олар болған жағдайда) көрсетіледі. 

9. Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулерді белгілеу үшін мыналар: 

1) кеден органдарының және мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының дерекқорындағы Кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылуының ықтималдығын куәландыратын ақпаратты талдау нәтижесінде алынған деректер; 

2) Кеден одағы кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ықтимал бұзушылық туралы куәландыратын деректердің болуы; 

3) тұлғаның, оның ішінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алуға, сондай-ақ қосымша арнайы оңайлатуды алуға өтініші; 

4) осы баптың 11-тармағына сәйкес қарсы көшпелі тексеру жүргізу қажеттілігі; 

5) шетелдік ұйымдармен сыртқы экономикалық мәмілелер жасаған тұлғаға тексеру жүргізу туралы шет мемлекеттің құзыретті органының өтініші (сұрау салуы); 

6) мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары ұсынған, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын бұзуды куәландыратын мәліметтерді алу; 

7) шет мемлекеттердің салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпараттық алмасу нәтижесінде алынған мәліметтерді тексеру; 

8) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген жағдайлар; 

9) кедендік тексерулер нәтижелері бойынша шығарылған актілердің орындалуын бақылау, тексеру нәтижелері туралы хабарламаның орындалуын бақылау; 

10) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан және Кеден одағының кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылу ықтималдығы туралы куәландыратын өзге де адамдардан ақпараттар мен өтініштер алу; 

11) тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алу мақсатында тексерілетін тұлға азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшінші тұлғаларға қатысты қарсы тексеру; 

12) тұлғаның кедендік тексеру жүргізу туралы бастамамен жүгінуі; 

13) тексерілетін тұлғаның қайта ұйымдастырылуы және (немесе) тексерілетін тұлғаның банкроттыққа (таратылуға) арналған құжаттарды беруі; 

14) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымда жазылған мәселелер бойынша тексеру жүргізу қажеттігі; 

15) төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің талаптарын сақтауына тексерулер жүргізу қажеттігі; 

16) дебиторлар тiзiмiнің ұсынылмауы не болмаса дебиторлардың жоқ екендігі туралы мәліметтердің және (немесе) төлеушімен, дебитормен өзара есеп айырысулардың салыстыру актілерінің ұсынылмауы негіздемелер болып табылады. 

10. Көшпелі кедендік тексеру кедендік бақылаудың өзге де нысандарын қолдану, сондай-ақ камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша, оның ішінде тексерілетін тұлға бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамаған жағдайда тағайындалуы мүмкін. 

11. Тексерілетін тұлға ұсынған мәліметтердің дұрыстығын растау қажет болған жағдайда кеден органы тауарлармен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша тексерілетін тұлғамен байланысқан тұлғаларға қарсы көшпелі кедендік тексеру жүргізуі мүмкін. 

Қарсы көшпелі кедендік тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады. 

12. Жоспарлы көшпелі кедендік тексерулер тексерілетін бір тұлғаға қатысты жылына бір реттен артық жүргізілмейді. 

Уәкiлеттi экономикалық операторларға қатысты жоспарлы көшпелi кедендiк тексерулердi кеден органдары үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізеді. 

Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер оларды жүргізу кезеңділігі бойынша шектеу қойылмай жүзеге асырылады. 

13. Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру үшін тексерілетін тұлғаларды іріктеп алу: 

1) кеден органдарының ақпараттық ресурстарын пайдалана отырып; 

2) алдыңғы тексерулердің, оның ішінде камералдық тексерулердің нәтижелері бойынша; 

3) мемлекеттік органдардан; 

4) банктерден және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан; 

5) Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден және (немесе) өзге де бақылаушы мемлекеттік органдарынан; 

6) бұқаралық ақпарат құралдарынан; 

7) ресми жолмен өзге көздерден алынған ақпаратты пайдалана отырып жүргізіледі. 

14. Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру жүргізуді бастар алдында кеден органдары тексерілетін тұлғаға жоспарлы көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы хабарламаны тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімімен жібереді немесе мұндай хабарламаны оны алу фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен береді. 

Хабарламада жоспарлы көшпелі кедендік тексеру мерзімі, күні, жоспарлы көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттардың алдын ала тізбесі (тексерілетін кезеңге қатысы бар құжаттар және есепке алу жазбалары), көшпелі кедендік тексеру жүргізілген кезде тексерілетін тұлғалардың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. 

Почта жөнелтімінің тексерілетін тұлғаның тұрған жерінде болмауына байланысты адресатқа хаттың тапсырылмағанын куәландыратын белгімен қайтып келуі жоспарлы көшпелі кедендік тексеру жүргізудің күшін жою үшін негіздеме болып табылмайды. 

Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру тексерілетін тұлға хабарламаны алған күннен бастап кемінде он бес күнтізбелік күннен кейін не адресатқа хаттың тапсырылмағаны туралы белгісі бар почта жөнелтімінің кеден органына түскен күнінен басталуы мүмкін. 

15. Тексерілетін тұлғаға кедендік тексеру туралы ұйғарымның көшірмесін тапсырған күн көшпелі кедендік тексеру жүргізу басталған күн болып саналады. 

Кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін тексерілетін тұлғаға кеден органының лауазымды адамы тапсырады не тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімімен жібереді. 

Кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін табыс ету кезінде тексерілетін тұлғаның басшысы не оның өкілі кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның түпнұсқасына онымен танысқаны туралы, сондай-ақ кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін алған күні және уақыты туралы белгі қояды. 

Кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін алудан бас тартқан жағдайда, кеден органының лауазымды адамы кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымға бұл туралы тиісті жазба жасайды. 

Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін алудан бас тартуы, сондай-ақ почта жөнелтімінің тұлғаның тұрған жерінде болмауына байланысты адресатқа хаттың тапсырылмағандығын куәландыратын белгімен қайтып келуі көшпелі кедендік тексеру жүргізудің күшін жою үшін негіздеме болып табылмайды. Бұл жағдайда ұйғарымда кедендік тексеруді жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін алудан бас тарту туралы жазба жазылған күн не адресатқа хаттың тапсырылмағаны туралы белгі қойылған почта жөнелтімі кеден органына келіп түскен күн тексеру басталатын күн болып саналады. 

Тексерілетін тұлғаның объектісінде көшпелі кедендік тексеру жүргізуді бастар алдында кеден органының лауазымды адамдары тексерілетін тұлғаның басшысына не оның өкіліне қызметтік куәліктерін көрсетуге міндетті. 

16. Көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін тұлға оның қызметіне байланысты тексерілетін құжаттарға өзгерістер және толықтырулар енгізуге құқылы емес. 

17. Көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзімі екі айдан аспауға тиіс. Тексерілетін тұлғаға құжаттар мен мәліметтерді табыс ету туралы талаптар қойылған күн мен мұндай құжаттар мен мәліметтерді алу күні арасындағы уақыт кезеңі көрсетілген мерзімге қосылмайды. 

Тексеруді жүзеге асыратын кеден органының шешімі бойынша көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзімі тағы бір айға ұзартылуы мүмкін. 

Зерттеулер немесе сараптамалар жүргізу, Кеден одағына мүше мемлекеттердің немесе шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сауалдар жолдау, тексерілетін тұлғаның тексеру жүргізуге қажетті құжаттарды қалпына келтіруі, тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларға әсер ететін тексерілетін кезеңге қатысты қосымша құжаттарды табыс ету қажет болған кезде тексеруді жүргізу кеден органы басшысының (оны алмастыратын адамның) немесе шексіз мерзімге ол уәкілеттік берген адамның шешімі бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін. 

Бұл ретте прокуратура органына хабарлай отырып, көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға қолын қойғызып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі. 

18. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

19. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

20. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

21. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

22. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

23. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

24. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

25. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

26. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

27. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

28. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 221-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...220 220‑1 221 221‑1 221‑2 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться