Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 225 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
225-бап. Кедендік тексеру жүргізу мақсаттары үшін құжаттар және мәліметтер ұсыну

1. Салық және өзге де мемлекеттік органдар кеден органдарының сұрау салуы бойынша заңды тұлғаларды тіркеуге, салықтарды төлеуге және есептеуге қатысты қажетті құжаттарды және мәліметтерді, бухгалтерлік есептілікті және оның ішінде коммерциялық, банктік, салықтық құпияны құрайтын өзге де құжаттарды және мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі заңнамасының талаптарын сақтай отырып табыс етеді. 

2. Банктер кеден органының сұрау салуы бойынша кедендік тексеру жүргізу үшін қажетті ұйымдардың шоттары бойынша ақша қозғалысына қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік құпияны құрайтын құжаттарды және мәліметтерді табыс етеді. 

25-тарау. Кедендік бақылау жүргізу кезіндегі
кедендік сараптама

Статья 1 ...223 224 225 226 227 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 225-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV