Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 239 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
239-бап. Ұсталған тауарларды және оларға арналған құжаттарды қайтару

1. Ұсталған тауарлар және оларға арналған құжаттар декларанттарға, ал егер тауарларды декларациялау жүргізілмесе тауарлардың меншік иелеріне, ал меншік иесі шетелдік тұлға болып табылған не кеден органында тауарлардың меншік иесі туралы мәліметтер болмаған жағдайларда – осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, ұстау кезінде тауарлар иелігінде болған тұлғаларға қайтарылады. 

2. Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде ұсталған, Кеден одағыныңкедендік шекарасы арқылы өткізуге тыйым салынған тауарлар және оларға арналған құжаттар осы баптың 1-тармағында көрсетілген, бұл аумақтан тыс жерлерге қайта әкету үшін кеден органына мұндай тауарларды қайтару үшін бірінші болып жүгінген, тұлғалардың кез келгеніне қайтарылады. 

3. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге тыйым салынған және (немесе) шектеулер қойылған, Кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде ұсталған тауарлар және оларға арналған құжаттар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында осы тауарларды иеленуге жол берілсе, декларантқа немесе өзге де тұлғаларға Кеден одағының кедендік аумағында пайдалану үшін қайтарылады. 

4. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге шектеулер қойылған тауарлар және Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде ұсталған оларға арналған құжаттар кеден органына осы Кодекске сәйкес белгіленген шектеулердің сақталуы және тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруды құжаттамалық растауды ұсынған жағдайда декларантқа немесе өзге де тұлғаларға осы аумақтан тыс қайта әкету немесе Кеден одағының кедендік аумағында пайдалану үшін қайтарылады. 

5. Осы баптың 2 – 4-тармақтарында көрсетілмеген өзге де жағдайларда ұсталған тауарлар кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғаннан кейін оларды осы кедендік рәсіммен орналастырған тұлғаларға не олардың өкілдеріне қайтарылады. 

6. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасауға құқылы тұлғаның сұрау салуы бойынша тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру қажет болған кезде кеден органы тауармен бірге ұсталған құжаттарды мұндай тұлғаға тауарларды шығарғанға дейін қайтарады.
Статья 1 ...237 238 239 240 241 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться