Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
241-бап. Сақтау мерзімі өткен ұсталған тауарларды сатудан түскен сомаларға билік ету



Ст. 241 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Осы Кодекстің 240-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарларды сатудан алынған сомадан бірінші кезекте, ұсталған тауарларды ішкі тұтыну үшін шығаруды кедендік рәсіммен орналастыру кезінде төленуге жататын, бұл тауарларды ұстау күніне есептелген кедендік төлемдер, салықтар мөлшеріндегі сома, екінші кезекте тауарларды тасымалдау, сақтау жөніндегі шығыстар және осы тауарларды сатуға байланысты өзге де шығыстар ұсталынады. 

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ұстауларды ескере отырып есептелген тауарларды өткізуден түсетін сомалар декларанттарға, ал егер тауарларды декларациялау жүргізілмесе, кеден органында олар туралы мәліметтер болған кезде, кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен оларды өткізуден түсетін ақша түскен күннен кейінгі күннен бастап үш ай ішінде кеден органдарына тауарлардың меншік иелері өтініш жасаған кезде оларға қайтарылады. 

Кеден органдары осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларды тауарларды сатудан түскен қайтарылуға жататын соманың бар екендігі туралы хабардар етеді. 

Ескерту. 241-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
4-бөлім. КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯНЫ БЕРУ АЛДЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК
ОПЕРАЦИЯЛАР
27-тарау. ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ
АРҚЫЛЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР


Статья 1 ...239 240 241 242 243 ...477

Перейти к статье







Добавить комментарий к 241-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV