Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
259-бап. Тауарларды уақытша сақтау туралы жалпы ережелер



Ст. 259 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Шетелдік тауарларды кедендік бақылаумен мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес оларды кеден органы шығарғанға дейін не Кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттерді жасағанға дейін уақытша сақтау орындарында кедендік баждар, салықтар төлеместен сақтау тауарларды уақытша сақтау болып табылады. 

2. Тауарларды уақытша сақтау құбыржол көлігімен және электр желiлерi арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты, сондай-ақ Кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда қолданылмайды. 

3. Тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамдардың немесе олардың өкілдерінің уақытша сақтаудағы тауарларды пайдалануға, оның ішінде мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарғанға дейін оларды уақытша сақтау орны аумағынан әкетуге не осы Кодексте көзделген өзге де іс-әрекеттерді жасауға құқығы жоқ.

Статья 1 ...257 258 259 260 261 ...477

Перейти к статье







Добавить комментарий к 259-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV