Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР кеден iсi туралы
26-бап. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарттары



Ст. 26 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV




Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу үшін заңды тұлға мынадай шарттарға сәйкес келуге тиіс:

1) бұл тұлғаның штатында осы Кодекстің 32-бабына сәйкес берілетін біліктілік аттестаты бар, кедендік декларациялау жөніндегі кемінде екі маманның болуы қажет;

2) өкілдік берілетін тұлғалардың мүлкіне зиян келтіру немесе осы тұлғалармен шарттарды бұзу салдарынан басталуы мүмкін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы қажет. Сақтандыру сомасының мөлшері шартта белгіленеді;

3) осындай қамтамасыз етуді ұсынған күнгі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, кемінде бір миллион евроға баламалы сомаға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынуы қажет;

4) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы қажет.

Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...477 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 26-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV