Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
267-бап. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операциялар



Ст. 267 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін тасымалдаушы, тауарларға қатысты өкілеттілігі бар өзге де тұлғалар немесе олардың өкілдері кеден органына көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) тауарлар, тауарларды жөнелтуші (алушы), оларды жөнелтуші (межелі) ел туралы мәліметтер бар кеден құжаттарын ұсынады. 

Мұндай құжаттар кеден органына электронды құжаттар түрінде ұсынылуы мүмкін. 

2. Кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғаға құжаттарды тіркеу туралы растауды бере отырып, мұндай құжаттар кеден органына берілгеннен кейін бір сағаттан аспайтын мерзімде тіркейді. 

3. Кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күннен бастап тауарлар уақытша сақтаудағы тауарлар болып саналады.

Статья 1 ...265 266 267 268 269 ...477

Перейти к статье







Добавить комментарий к 267-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV