Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 270 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
270-бап. Тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

1. Тауарларды уақытша сақтауға орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет: 

1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген кезде тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғада – тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған осы құжаттарды кеден органы тіркеген кезден бастап; 

2) уақытша сақтау қоймасының иесінде – тауарларды уақытша сақтау қоймасында орналастырған кезден бастап; 

3) тауарларды уақытша сақтау қоймалары болып табылмайтын орындарда уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада – тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды. 

2. Уақытша сақтауға орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет: 

1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген кезде тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғада – тауарларды уақытша сақтау қоймасына орналастырған не өзге тұлға оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға уақытша сақтауға қабылдаған кезде; 

2) уақытша сақтау қоймасының иесінде – тауарлардың кедендік рәсіммен орналастырылуына байланысты оларды уақытша сақтау қоймасынан берген кезде; 

3) тауарларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада – тауарларды кедендік рәсіммен орналастырған кезде; 

4) осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда – тауарлар осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес, сондай-ақ осы Кодекстің  

129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда ұсталғанда тоқтатылады. 

3. Тауарларды уақытша сақтау кезінде: 

1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген кезде тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғада: 

авария немесе еңсерілмейтін күш әсерi салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiндегi табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар оларды уақытша сақтау қоймасына орналастырғанға не оларды өзге тұлға уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға қабылдағанға дейін жоғалған жағдайда - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күн; 

уақытша сақтауға орналастырылған тауарларды алушыға немесе өзге де тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз оларды уақытша сақтау қоймасына орналастырғанға не оларды өзге тұлға уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға қабылдағанға дейін берген жағдайда - мұндай беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күн; 

2) тауарларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада: 

авария немесе еңсерілмейтін күш әсерi салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiндегi табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырғанға дейін жоғалған жағдайда - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күн; 

уақытша сақтауға орналастырылған тауарларды алушыға немесе өзге де тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырғанға дейін берген жағдайда - мұндай беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күн; 

3) уақытша сақтау қоймасының иесінде не тауарларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада: 

авария немесе еңсерілмейтін күш әсерi салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiндегi табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында сақталатын тауарлар жоғалған жағдайда - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, тауарларды уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырған күн; 

уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында сақталатын тауарларды алушыға немесе өзге де тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз берген жағдайда - мұндай беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, тауарларды уақытша сақтау қоймасына не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырған күн; 

тауарларды алушының қоймасында сақтаудағы тауарларды уақытша сақтау мақсатынан өзге түрде пайдаланған жағдайда - мұндай пайдалану күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады. 

4. Кедендік әкелу баждары, салықтар, осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда, тауарларды ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсімімен орналастыру кезінде тарифтік преференциялар және кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі жеңілдіктер ескерілместен, төленуге тиісті болған кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын, кедендік құнды, олардың табиғи мәндегі физикалық сипаттамасын (мөлшерін, массасын, көлемін немесе өзге де сипаттамасын) және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген және тиісінше осы баптың 3-тармағында көзделген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімдері күні қолданыста болған валютаның нарықтық бағамын басшылыққа ала отырып есептелген сомаларына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады. 

5-бөлім. ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДІК РӘСІММЕН ОРНАЛАСТЫРУҒА
БАЙЛАНЫСТЫ КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР
31-тарау. ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДІК РӘСІММЕН ОРНАЛАСТЫРУҒА
БАЙЛАНЫСТЫ КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Статья 1 ...268 269 270 271 272 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться