Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 281 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
281-бап. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде құжаттарды табыс ету

1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларацияны беру кеден органына олардың негізінде кедендік декларация толтырылған құжаттардың табыс етілуімен бірге жүруге тиіс.

Мұндай құжаттарға:

1) шот-фактура (инвойс), олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжат;

2) пайдаланылатын көлік түріне қарай көліктік (тасымалдау) құжаты жатады.

2. Төменде көрсетілген талаптар қолданылатын тауарлар мен мәмілелерге қатысты осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының валюта заңнамасында көзделген жағдайда валюталық бақылау саласындағы талаптардың сақталуын растайтын құжат;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Комиссияның шешімдерінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда тыйым салулар мен шектеулердің, сондай-ақ арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануға байланысты шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар;

3) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) егер тауарлар мұндай қамтамасыз етуді ұсыну шартымен шығарылған жағдайда, кедендік баждар, салықтар төлеудің қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттар;

5) осы Кодексте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда, кедендік рәсімдерге сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден толық немесе ішінара босатуды растайтын құжаттар табыс етіледі.

3. Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде беру кеден органына олардың негізінде тауарлар туралы мәліметтер мәлімделген құжаттарды ұсынумен бірге жүргізілмейді.

Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алу мүмкін болмаған жағдайларда, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.

Кедендік декларацияны электрондық құжат нысанында ұсыну, пайдалану және сақтау тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

4. Егер кедендік декларация толтыру үшін негізге алынған жекелеген құжаттар кедендік декларацияны беру кезінде табыс етіле алмайтын болса, декларанттың дәлелді өтініші бойынша кеден органы мұндай құжаттарды тауарлар шығарылғанға дейін табыс етуге рұқсат етеді.

Егер жекелеген құжаттар декларанттың дәлелді өтініші бойынша көрсетілген мерзімдерде табыс етіле алмайтын болған жағдайда, егер құжат тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін міндетті болып табылмаса, кеден органдары кейін құжаттарды алу үшін қажетті мерзімдерде, бірақ оларды кедендік декаларация тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей бере отырып, олардың көшірмелерін беруге рұқсат етеді. Декларант құжаттарды белгіленген мерзімдерде табыс етпегені не құжаттардың бұрын берілген көшірмелерінде мәліметтерді дұрыс мәлімдемегені үшін жауапты болады.

5. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде құжаттардың түпнұсқалары не олардың көшірмелері табыс етіледі. Кеден органы табыс етілген құжаттар көшірмелерінің олардың түпнұсқаларына сәйкестігін тексеруге құқылы.

Егер тауарларды кедендік декларациялау кезінде кеден органына кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар бұрын табыс етілсе, мұндай құжаттардың көшірмелерін табыс ету не кеден органына мұндай құжаттарды табыс ету туралы мәліметтерді көрсету жеткілікті.

6. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде құжаттар осы Кодекске сәйкес электронды құжаттар түрінде табыс етілуі мүмкін.

Электронды құжаттарды табыс ету және пайдалану тәртібі Кеден одағының кеден заңнамасында айқындалады.

7. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Кеден органдары кедендік декларациялау кезінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілдерінде және шет тілдерде жасалған құжаттар мен мәліметтерді қабылдауы және пайдалануы мүмкін. Кеден органы құжаттарда бар мәліметтердің қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын талап етуге құқылы.

9. Декларанттың немесе кеден өкілінің электронды (автоматтандырылған) түрдегі есебін алу мақсатында кеден органына мына құжаттар:

1) заңды тұлғалар үшін:

заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе оның құрылымдық бөлімшесі үшін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

2) жеке тұлғалар үшін:

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;

банктен банк шотын ашқаны туралы анықтама (ол болған жағдайда).

Ескерту. 281-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.29 N 74-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...279 280 281 282 283 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться