Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
283-бап. Кедендік декларацияны беру мерзімдері



Ст. 283 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларға арналған кедендік декларация, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарларды уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін беріледі. 

2. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға кедендік декларация, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, олар Кеден одағының кедендік аумағынан кеткенге дейін беріледі. 

3. Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасау қаруы, құралы немесе нысанасы болып табылған, қайтару туралы шешім қабылданған және осы Кодекске сәйкес кедендік декларациялауға жататын тауарларға қатысты кедендік декларация: 

1) қылмыстық (әкімшілік) жауапкершіліктен босату туралы сот шешімі; 

2) әкімшілік жауапкершіліктен босату туралы кеден органының (лауазымды адамның) шешімі; 

3) соттың немесе кеден органының (лауазымды адамның) қылмыстық (әкімшілік) іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі; 

4) соттың немесе кеден органының (лауазымды адамның) әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде беріледі. 

4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік декларация белгіленген мерзімде берілмеген тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұстайды. 

Ескерту. 283-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...281 282 283 284 285 ...477

Перейти к статье







Добавить комментарий к 283-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV