Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 286 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
286-бап. Декларанттың міндеттері

Тауарларды кедендік декларациялау және тауарды кедендік рәсіммен орналастыру үшін қажет өзге де кедендік операцияларды жасау кезінде декларант: 

1) тауарларды кедендік декларациялауды жүргізуге;  

2) егер Кеден одағының кеден заңнамасында өзгеше белгіленбесе, кедендік декларация толтыру үшін негізге алынған құжаттарды кеден органына табыс етуге; 

2-1) кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде тапсырған кезде, тәуекелдерді басқару жүйесі кеден органына онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды беруді көздейтін тәуекелдерді болғызбау және барынша төмендету жөніндегі шараларды берген жағдайда, осындай құжаттарды қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық түрде ұсынуға; 

2-2) кеден органы талабының негізінде тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау кезінде электрондық құжат түрінде берілген, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды қағаз түрінде кеден органына табыс етуге; 

3) декларацияланатын тауарларды осы Кодексте белгіленген жағдайларда не кеден органының талабы бойынша көрсетуге; 

4) осы Кодекске сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге және (немесе) олардың төленуін қамтамасыз етуге; 

5) тиісті кеден рәсімінде тауарларды пайдаланудың талаптары мен шарттарын сақтауға; 

6) осы Кодексте көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті. 

Ескерту. 286-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...284 285 286 287 288 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 286-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV