Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 287 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
287-бап. Декларанттың жауаптылығы

Декларант, осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 286-бабында көзделген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кедендік декларацияда көрсетілген анық емес мәліметтерді мәлімдегені үшін, сондай-ақ кеден өкіліне көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді және (немесе) қолдан жасалған құжаттарды табыс еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 

Декларант мынадай жағдайларда: 

1) тауарлар шығарылғанға дейін кеден органы лауазымды адамының тауарларды дұрыс сыныптамауы фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлардың коды өзгертілген; 

2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған; 

3) тауарлар шығарылғаннан кейін бұзушылықтарды өз бетінше анықтаған және көшпелі кедендік тексерудің жүргізілуі басталғанға дейін бір жыл ішінде өз еркімен жойған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылыққа тартылмайды. 

Ескерту. 287-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

Статья 1 ...285 286 287 288 289 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 287-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV