Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР кеден iсi туралы
3-бап. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы



Ст. 3 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және мыналардан:

1) осы Кодекстен;

2) қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларацияны немесе өзге де кедендік құжаттарды тіркеу күні қолданылатын кеден ісі саласындағы кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамалары қолданылады.

3. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілген кезде, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткен күні қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасы, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер қолданылады.

Егер Кеден одағының кедендік шекарасын тауарлар іс жүзінде кесіп өткен күн белгіленбесе, белгіленген талаптарды бұзушылықтар анықталған күні қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамалары, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер қолданылады.

Статья 1 2 3 4 5 ...477 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 3-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV