Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
30-бап. Кеден өкілінің міндеттері



Ст. 30 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден өкілінің міндеттері Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларында белгіленген талаптар мен шарттарға негізделген.

Кеден өкілінің міндеттеріне мәлімделген кедендік рәсімдердің талаптары мен шарттарын сақтауға байланысты кедендік операциялар жасау, сондай-ақ Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес оларға өкілдік беруші тұлғаларға ғана жүктелетін өзге міндеттерді жасау кірмейді.

2. Өкілдік берілген тұлғадан алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге құпия (жасырым) болып табылатын ақпаратты не басқа да жабық ақпаратты кеден өкілі және оның қызметкерлері, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етпеуге немесе өз мақсаттары үшін пайдаланбауға, өзге тұлғаларға бермеуге тиіс.

3. Кеден өкілі кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына есептілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға міндетті.

4. Кеден өкілінің кеден органдарының алдындағы міндеттері өкілдік беретін тұлғамен жасалған шартпен шектелмейді.

5. Міндеттер барлық кеден өкілі үшін бірдей болып табылады. Жекелеген кеден өкілдері үшін айрықша (эксклюзивтік) құқықтар және жеке-дара сипаттағы өзге де артықшылықтар беруге тыйым салынады.

6. Кеден өкілі кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті органды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

7. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден өкілі, мұндай міндетті орындау:

1) тауарлар шығарылғаннан кейін тауарлар орналастырылған кедендік рәсімдердің талаптары мен шарттарын сақтауға;

2) тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді пайдалана отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге, сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін орындалуы кедендік баждарды, салықтарды төлеу және есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеу бойынша жеңілдіктерді берудің міндетті шарты болып табылатын өзге де шарттарды орындауға;

3) декларанттан не мүдделі тұлғадан алынған, солардың негізінде кедендік декларация берілген көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді және (немесе) қолдан жасалған құжаттарды пайдалануға байланысты жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі ортақ міндетті кедендік баждарды, салықтарды төлеушімен бірге көтереді.

Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...28 29 30 31 32 ...477 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 30-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV