Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 315 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
315-бап. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы, тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

1. Декларантта ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды. 

2. Декларанттың кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті: 

1) ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты – осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда; 

2) бұл тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді пайдалана отырып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты: 

егер тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулерді қолданудың өзге мерзімі белгіленбесе, бұл кезеңде осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі туындамаған жағдайда ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап бес жыл өткен соң; 

бұл кезеңде осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі туындамаған жағдайда тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулерді қолданудың өзге де белгіленген мерзімі өткен соң; 

мұндай тауарларды мемлекет пайдасына бас тартудың немесе жоюдың кедендік рәсімдеріне орналастыру кезінде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап бес жыл ішінде не жеңілдікті қолданудың өзге де белгіленген мерзімі ішінде – тауарларды мемлекет меншігіне қабылдауды не оны жоюды растайтын құжатты кеден органына табыс еткен кезден бастап; 

бес жыл ішінде не ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап жеңілдікті қолданудың өзге де белгіленген мерзімі ішінде туындаған, осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда; 

мұндай орналастыруға дейін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі туындамаған жағдайда шартты түрде шығарылған тауарларды кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырған кезде тоқтатылады. 

3. Кедендік әкелу баждары, салықтар мынадай мерзімдерде: 

1) ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты, – тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес шығарғанға дейін; 

2) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді пайдаланып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты: 

мұндай жеңілдіктерді пайдаланудан бас тартылған жағдайда – тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияға жеңілдіктерді пайдаланудан бас тарту бөлігінде өзгерістер енгізгенге дейін; 

мұндай жеңілдіктерді пайдалануға байланысты белгіленген осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулерді бұзатын немесе жеңілдіктер беру шарттарына сәйкес келетін мақсаттарды бұзатын тауарлармен іс-әрекеттер жасалған жағдайда, – көрсетілген іс-әрекеттерді жасаған бірінші күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – кеден органы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күні төленуге жатады. 

37-тарау. Экспорт кедендік рәсімі

Статья 1 ...313 314 315 316 317 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться