Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
322-бап. Кедендік алып жүру



Ст. 322 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Кедендік транзит кедендік рәсімінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының лауазымды адамдары не өзге де ұйымдар жүзеге асыратын, тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдайтын көлік құралдарын алып жүру кедендік алып жүру болып табылады. 

2. Кеден органы: 

1) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде айқындалатын; 

2) осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес кедендік баждар, салықтар төлеудің қамтамасыз етілуі ұсынылмаған не оның қамтамасыз етілуі жеткіліксіз болған; 

3) егер көрсетілген қаулылардың ең болмағанда біреуі орындалмаса, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңды күшіне енген қаулыларда белгіленген кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде тасымалдаушы міндеттерін бірнеше рет орындамаған; 

4) тасымалдаушы осы Кодекстің 331-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындамаған; 

5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген жағдайда кедендік алып жүру туралы шешім қабылдауға құқылы. 

3. Кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдаған жағдайда кеден органы осындай шешімді қабылдаған кезден бастап оны  

жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ұйымдастырады. 

4. Кедендік алып жүру тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 322-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


Статья 1 ...320 321 322 323 324 ...477

Перейти к статье







Добавить комментарий к 322-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV