Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР кеден iсi туралы
33-бап. Кедендік тасымалдаушы



Ст. 33 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV




1. Осы Кодекстің 34-бабында айқындалған талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кедендік тасымалдаушы болып табылады.

Заңды тұлға кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізілгеннен кейін кедендік тасымалдаушы болып танылады.

Кедендік тасымалдаушылар тізілімін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

2. Кедендік тасымалдаушы кедендік бақылаудағы тауарларды Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес Кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асырады.

3. Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміндегі ақпарат, сондай-ақ аталған тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректер кеден ісі саласындағы уәкілетті органның Интернет-ресурсына орналастырылады.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей аталған Интернет-ресурсқа жаңартылған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді.

4. Кедендік тасымалдаушылардың мәртебесі құжатпен расталады, оның нысаны мен қолданылу тәртібі Комиссияның шешімімен белгіленеді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжатты кеден ісі саласындағы уәкілетті орган береді.


Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...477 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 33-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV