Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
330-бап. Кедендік транзит кедендік рәсімі кезіндегі авария, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де жағдайлар кезінде қолданылатын шаралар



Ст. 330 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдауға кедергі болатын авариялар, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де жағдайлар кезінде тасымалдаушы тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолдануға, жақын кеден органына осы жағдайлар және тауарлардың тұрған жері туралы дереу хабарлауға, сондай-ақ тауарлардың орнын ауыстыруға немесе оларды жақын кеден органына не кеден органы көрсеткен өзге жерге тасымалдауды қамтамасыз етуге (егер оның көлік құралы бұзылған болса) міндетті. Осы жағдайлар туралы хабар алған кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдауға кедергі болатын жағдайлар туралы жөнелтімнің кеден органын және жеткізу межеленген кеден органын хабардар етуге міндетті. 

2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын сақтауға байланысты тасымалдаушы шеккен шығыстарды кеден органдары өтемейді.

Статья 1 ...328 329 330 331 332 ...477

Перейти к статье







Добавить комментарий к 330-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV