Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
335-бап. Тауарларды кеден қоймасында сақтау мерзімі



Ст. 335 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Тауарларды кеден қоймасында сақтау мерзімі тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап үш жылдан аспайды. 

2. Жарамдылық және (немесе) сату мерзімі шектеулі тауарлар көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін күнтізбелік бір жүз сексен күннен кешіктірілмей өзге кедендік рәсіммен орналастырылуға тиіс. 

3. Кеден қоймасында сақталу мерзімі өткен тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұстайды. 

4. Тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсімімен бірнеше мәрте орналастырған кезде, оның ішінде осы рәсімнің декларанттары әр түрлі тұлғалар болғанда тауарларды кеден қоймасында жалпы сақтау мерзімін осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімнен асыруға болмайды.

Статья 1 ...333 334 335 336 337 ...477

Перейти к статье







Добавить комментарий к 335-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV