Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
337-бап. Кеден қоймалары және олардың түрлері



Ст. 337 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Кеден қоймасы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды сақтауға арналған арнайы белгіленген және жайластырылған құрылыс, үй-жай және (немесе) ашық алаң кеден қоймасы болып танылады. 

2. Кеден қоймалары ашық немесе жабық үлгіде болуы мүмкін. 

Егер олар кез келген тауарларды сақтау және тауарларға қатысты өкілеттіктерді иеленген кез келген тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді болса, кеден қоймалары ашық үлгідегі қоймалар болып табылады. 

Егер олар кеден қоймасы иесінің тауарларын сақтауға арналған болса, кеден қоймалары жабық үлгідегі қоймалар болып табылады. 

3. Кеден қоймаларын орналастыру, жайластыру және жабдықтау жөніндегі талаптар, сондай-ақ олардың құрылу және жұмыс істеу тәртібі осы Кодекстің 46 – 51-баптарында белгіленген. 

4. Кеден органдары кеден қоймалары иелерінің тізілімін жүргізеді және оларды мерзімді жариялауды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып қамтамасыз етеді.

Статья 1 ...335 336 337 338 339 ...477

Перейти к статье







Добавить комментарий к 337-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV