Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
338-бап. Тауарларды кеден қоймасында сақтау



Ст. 338 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе сақтаудың айрықша жағдайларын талап ететін тауарлар, мұндай тауарларды сақтау талаптарына сәйкес жабдықталған кеден қоймаларында орналастырылуға тиіс. 

2. Кеден қоймасында экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған Кеден одағының тауарларын алты ай бойы сақтауға жол беріледі. 

3. Кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда, кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы қойманың жұмыс істеуін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде басқа кеден қоймасына тасымалдануға не осы Кодекске сәйкес өзге кедендік рәсімге орналастырылуға тиіс. 

Күнтізбелік алпыс күн ішінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген іс-әрекеттер жасалмаған кезде, тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұстайды.

Статья 1 ...336 337 338 339 340 ...477

Перейти к статье







Добавить комментарий к 338-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV