Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 341 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
341-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

1. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет: 

1) декларантта – кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезден бастап; 

2) кеден қоймасының иесінде – тауарларды кеден қоймасына орналастырған кезден бастап туындайды. 

2. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет: 

1) декларантта – тауарларды кеден қоймасына орналастыру кезінде не, егер тауарларды сақтау кеден қоймасында жүзеге асырылмаса, тауарларды өзге кедендік рәсімге орналастыру кезінде; 

2) кеден қоймасының иесінде – оларды өзге кедендік рәсімге орналастыруға байланысты тауарларды кеден қоймасынан беру кезінде; 

3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда – тауарлар осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұсталғанда, сондай-ақ осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады. 

3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі: 

1) декларантта: 

авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, тауарларды кеден қоймасына орналастырғанға дейін жоғалтқан жағдайда, – осындай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, – кеден органының тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күні; 

авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, егер тауарларды сақтау кеден қоймасында жүзеге асырылмаса, тауарларды өзге кедендік рәсіммен орналастырғанға дейін жоғалтқан немесе өзге тұлғаға берген жағдайда, – осындай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, – кеден органының тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күні; 

2) кеден қоймасының иесінде: 

авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, тауарларды жоғалтқан жағдайда, – тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, – тауарлардың кеден қоймасына орналастырылған күні; 

мұндай тауарларға қатысты кедендік рәсіммен орналастырылуын растайтын құжаттарды табыс етпей тауарларды кеден қоймасынан берген жағдайда, – беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, – тауарлар кеден қоймасына орналастырылған күн болып есептеледі. 

4. Кедендік әкелу баждары, салықтар тарифтік артықшылықтарды және кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді ескермей, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын, кеден органының тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеу күніне есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады.

Статья 1 ...339 340 341 342 343 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться