Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
346-бап. Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру



Ст. 346 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мақсатында мынадай тәсілдер пайдаланылуы мүмкін: 

1) декларанттың, қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлғаның немесе кеден органдары лауазымды адамдарының бастапқы шетелдік тауарларға мөрлерді, мөртабандарды, цифрлық және басқа да таңбалауды қоюы; 

2) шетелдік тауарлар ауқымында егжей-тегжейлі сипаттау, фотосуретке түсіру, бейнелеу; 

3) шетелдік тауарлардың және оларды қайта өңдеу өнімдерінің алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін салыстыру; 

4) тауарлардағы таңбалауды, оның ішінде сериялық нөмірлер түрінде пайдалану; 

5) тауарлар сипатын және тауарларды қайта өңдеу жөнінде жасалатын операцияларды негізге ала отырып, оның ішінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияны жасаудың технологиялық процесінде шетелдік тауарларды пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдері өндірісінің технологиясы туралы табыс етілген егжей-тегжейлі мәліметтерді зерттеу жолымен немесе тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау уақытында кедендік бақылауды жүзеге асыру жолымен қолданылуы мүмкін өзге де тәсілдер.

Статья 1 ...344 345 346 347 348 ...477

Перейти к статье







Добавить комментарий к 346-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV