Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР кеден iсi туралы
350-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар және өндірістік ысыраптар

Ст. 350 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
1. Шетелдік тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар, оларды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз күйге қайта өңделген жағдайды қоспағанда, өзге кедендік рәсімге орналастырылуға жатады. Бұл ретте қалдықтар деп қайта өңдеу өнімдерінен басқа, шетелдік тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған тауарлар түсіндіріледі. 

2. Кеден мақсаты үшін көрсетілген қалдықтар Кеден одағының кедендік аумағына осы күйінде әкелінген тауарлар ретінде қарастырылады. 

Қалдықтардың кедендік құнын анықтау ерекшеліктері Комиссияның шешімімен белгіленеді. 

3. Қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде жиналып қалатын және (немесе) біржола жоғалатын өндірістік ысыраптар өзге кедендік рәсімге орналастырылуға жатпайды. Бұл ретте өндірістік ысыраптар деп қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде жиналып қалатын және (немесе) біржола жоғалатын тауарлар түсіндіріледі.
Статья 1 ...348 349 350 351 352 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 350-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV