Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
352-бап. Балама тауарлармен ауыстыру



Ст. 352 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Кеден органының рұқсатымен кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға жол беріледі. 

2. Өзінің сипаты, сапасы және техникалық сипаттамалары бойынша шетелдік тауарларға сайма-сай келетін Кеден одағының тауарлары балама тауарлар деп түсіндіріледі. 

Экспорт кедендік рәсіміне сәйкес бұрын әкетілген тауарлардың құрамына енетін бөліктердің, тораптардың, агрегаттардың ақаулы түрлері кепілдік беріліп жөндеу үшін әкелінген жағдайда, өзінің сипаттары, сапасы және техникалық сипаттамалары бойынша әкелінген тауарларға сайма-сай келетін Кеден одағының тауарлары, олардың ақаулы болу және (немесе) тозу жай-күйі ескерілмей балама тауарлар ретінде қарастырылады. 

3. Балама тауарларды қайта өңдеу нәтижесінде алынған тауарлар осы тараудың ережелеріне сәйкес шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдері ретінде қарастырылады. 

4. Балама тауарлар шетелдік тауарлардың мәртебесін алады, ал оларға ауыстырған тауарлар Кеден одағы тауарларының мәртебесін алады. 

5. Егер шетелдік тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға рұқсат етілсе, балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнімдерін әкетуге шетелдік тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына әкелінгенге дейін жол беріледі. 

6. Егер кеден органы шетелдік тауарларды балама тауарларға ауыстыруға рұқсат берген жағдайда, Кеден одағының тауарлары Кеден одағының кедендік аумағына шетелдік тауарлар әкелінгенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылады. Балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнімдері шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдері ретінде қарастырылады. 

7. Шетелдік тауарлар сипаты, сапасы, саны және техникалық сипаттамалары бойынша балама тауарларға сәйкес келуге тиіс. Бұл ретте осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеуді қамтамасыз ету мұндай ауыстырудың міндетті шарты болып табылады. 

8. Балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнімдері кері импорттың кедендік рәсімімен, ал әкелінетін шетелдік тауарлар кері импорттың кедендік рәсімімен әкетіледі. 

9. Шетелдік тауарларды әкелу кезінде кеден органы балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнімдерінің сапасымен, мөлшерімен және техникалық сипаттамаларымен салыстырады. 

10. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 352-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...350 351 352 353 354 ...477

Перейти к статье







Добавить комментарий к 352-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV